Қарағанды облысында қыста қар басып қалатын 640,8 шақырым жол бар
Оның ішінде басым бөлігі - 2751,7 шақырымына «Казахавтодор» ЖШС қызмет көрсетеді, деп хабарлайды өңір әкімдігінің ресми сайты .
Қазіргі таңда қайта қалпына келтіріліп жатқан бөліктерді онда қазір жөндеу жасап жатқан ұйымдар қардан тазалайтын болады. Бұл ретте Қарағанды-Теміртау, Сұрыптау станциясынан Қарағандыға кіреберіс жол бөлігі және «Екатеринбург-Алматы» трассасының Заречное маңындағы жолжар туралы сөз қозғалды.
Қарағандыда облыстағы қалаарлық трассаларын қыс айларында қар тазалайтын арнайы техниканы қарау барысында «КазАвтоЖол» компаниясы облыстық филиалының директоры Қанат Шаймин кәсіпорын қысқа тағы қалай дайындалып жатқанын айтып берді.
- Біз Осакаровка-Теміртау бөлігінде темірбетон қоршауын орнаттық, - деді ол. - Тура сондай қорғау құрылыстары Батпақ-Баймырза жол бөлігінде де орнатылған. Биылғы жылы ерекше қауіпті жерлерде қар үймелері мен траншея құрайтын боламыз. Бізде ағаштан жасалған жылжымалы қардан қорғау қалқандары бар, олар жолдарды қар басудан сақтап қалады.
1 қарашадан бастап жолдардың жағдайын бақылау үшін тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылған. Механикаландырылған бригадаларды алдын ала жұмысқа дайындау үшін қызметкерлер ауа райының өзгерістерін әрдайым бақылап отырады.
«Тайғақ жол», «Кеңес берілетін жылдамдық» және «Қызмет ету аумағы» деген 740 уақытша жол белгілері орнатылған.
Өткен жылдардағы тәжірибеге сүйене отырып, облыстағы автожолдарды қыста қалыпта сақтау үшін 201 техника керек екені анықталған. Алайда, бүгінгі таңда «Казахавтодор» компаниясының қарамағында - 112 арнайы техника мен механизмдер ғана бар. Қосымша 30 бірлік жалға алынады. Трассаларды қардан тазалау үшін тағы 59 техника қажет.
Дүйсенбі, 6 қарашада арнайы техниканың жетіспеушілігі туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста сөз қозалды. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов бұл мәселені республикалық деңгейде шешу керектігін айтты.
- Сенбі күні, арнайы техника паркін қарап шыққан соң, мен министрмен 59 машинаның жетіспейтіні туралы сөйлескен едім. Бізге ол сұрақты шешуге көмек көрсетілетіні айтылды. Жұмыстар қалай жүріп жатыр?
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры Қанат Шаймин қосымша техника алу туралы келіссөздер жүргізіліп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ қыста республикалық маңызы бар жолдар уақтылы қардан тазартылып отыратыны айтылды.
Барлығы Қарағанды облысында қыс айларында қар басып қалатын 640,8 шақырым жол бар. Сонымен қатар 579 жол бөліктері көктайғақ қалыптасу қаупі жоғары болғандықтан әрдайым бақылауға алынған.