Қарағанды облысында «Қызылорда - Павлодар» автожолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының нашарлауымен байланысты (бұрқасын, көктайғақ) «Қызылорда - Павлодар» автожолының учаскесінде (433-749-шы шақырымдар, Жезқазған қ. - Атасу) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.