Қарағанды облысында Ленин атындағы шахтада машинист жарақаттанды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында Ленин атындағы шахтада машинист жарақаттанды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Бейсенбі, 20 қыркүйек күні Қарағанды облысының Шахтинск қаласында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Көмір департаменті Ленин атындағы шахтада өндірістік жұмыстарды жүргізу барысында тау-кен-қопару машинасының машинисті жарақаттанды. Жұмысшы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.