Қарағанды облысында мектеп құрылысында зардап шегушіге ота жасалуда

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Нұра ауданы Балықтыкөл ауылындағы мектептің опырылуы кезінде аяғын жарақаттап алған мердігер фирманың жұмысшысына ота жасалып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Зардап шегуші Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығына «жіліншіктің жабық сынуы» диагнозымен жеткізілді. Ол есін жиды. Оған ота жасалып жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Жұмысшының шатырды ауыстырып жатқаны белгілі болды. Ол тұрған жабынды плитаның бір жағы опырылып, мектеп ғимаратына қарай сырғанап түскен.  Оның плита басып қалған аяғы сынған.

Еске сала кетсек, бүгін 9:40-та Қарағанды облыстық ТЖ департаментінің кезекшілік бөліміне Нұра ауданы Балықтыкөл ауылында мектептің қирағаны жайлы хабарлама келіп түсті. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде екінші қабаттағы төрт шаршы метрлік дәліздегі плита жабындысы құлағандығы анықталды. Үйінді астында қалған бір жұмысшы құтқарылып, Шахтинск кентіндегі ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум