Қарағанды облысында мемлекеттік қызметтегі тамыр-таныстықпен күресуде

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері мемқызметтегі тамыр-таныстық фактісімен күресіп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Қарағанды облысында мемлекеттік қызметтегі тамыр-таныстықпен күресуде

«Мүдделер қақтығысы фактілерін анықтау бойынша, атап айтқанда мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде жақын туыстарымен бірге жұмыс істеу фактілері тексеріліп жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Мүдделер қақтығысы - мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, бұл ретте мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері басым түсіп, қызметтік міндеттері орындалмауы мүмкін. Бұл ереже «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда белгіленген.

Мүдделер қақтығысы фактісі туралы мына мекенжайға байланысуды сұраймыз: Қарағанды, Бейбітшілік бульвары, 39 үй. Немесе мына телефон нөмірлеріне хабарласу қажет: 8 (7212) 50-40-75, 8-702-789-63-07 (WhatsApp), электрондық адрес ds.karaganda@mail.ru