Қарағанды облысында мұнай базасы өртенді, үш жасөспірімді күйік шалды - ҚР ТЖМ

None
None
АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында мұнай базасында өрт болды, салдарынан үш жасөспірімді күйік шалды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Сәрсенбі, 27 маусым күні Қарағанды облысындағы Шоқай теміржол стансысында жұмыс істемей тұрған мұнай базасында насостың бөлшектері мен ашық алаңдағы шөп өртене бастады.

Өрт аумағы 190 шаршы метрді құрады. Оқиға орнынан күйік жарақаттарын алған 1998, 1996 және 1994 жылғы үш жасөспірім ауруханаға жеткізілді.

Тілсіз жаумен күреске ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы қатысты.

Соңғы жаңалықтар