07:54, 18 Қазан 2017 | GMT +5
Қарағанды облысында немересін өлтірді деген күдікті тұтқындалды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Сот үш жасар немересін өлтірді деген күдікпен Қарағанды облысы Шет ауданының тұрғынын екі айға қамау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Шет аудандық тергеу соты ІІБ тергеушісінің өтінішін қанағаттандырып, Ақадыр ауылының 39 жастағы тұрғынына қатысты екі ай «қамауда ұстау» шарасын қолдануға санкция берді.
Еске сала кетейік, Қарағанды облысының Шет ауданындағы Ақадыр ауылының тұрғыны мас күйде үш жасар немересінің мойнына пышақ салып, ұйықтап қалған. Таңертең ұйқыдан тұрғанда өліп жатқан немересін көріп, өз анасының үйіне кеткен. Содан кейін жасырынған. Ол жан түршігерлік қылмыстан бір апта өткен соң ұсталған.