Қарағанды облысында оқушылар ауыл маңындағы жолдарды жөндеді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Абай ауданындағы Вольный ауылының оқушылары елді мекен маңындағы жолдағы барлық шұңқырларды өз күшімен көміп тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Instagram -дағы танымал пабликтердің бірінде жергілікті балалар ауыл маңындағы жолда шұңқырларды жауып жатқан бейне жарияланды. Оқушылар осылайша трассаның үлкен бөлігін қамтыған. Олар бұл бастамаға өздері барғанын айтады. Оқушылар ойық-шұңқырларға толы жолдардан шаршағанын айтады.

Абай ауданының әкімдігі аталған жол учаскесін жөндеуге оң сараптама қорытындысы бар екенін хабарлады.

«9 шақырым жол төсемін жөндеу қажет. Бюджеттік өтінім облыстық автомобиль жолдары басқармасына берілді. Қаржыны күтіп отырмыз», - деп түсіндірді Абай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар