Қарағанды облысында оқушыларға арналған Мансап құру орталығы ашылды
Орталыққа EDTECH халықаралық білім орталығы серіктес болды. Орталық жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандықты таңдауды анықтауға көмектеседі.
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек барлық қалалар мен аудандарда осындай орталықтар құруды тапсырды.
«Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының қабілетін анықтау және кәсіби бағдарлау саясатына өту қажеттілігін ерекше атап өтті. Осы міндеттерді іске асыру үшін біз EDTECH халықаралық білім орталығының бағдарламасы бойынша мектептерде кәсіби бағдарлау жүйесін өзгертуге кірістік. Бағдарлама негізінде жоғары сынып оқушылары үшін отандық КАSIP цифрлық кешендік кәсіби бағдарлау жүйесі жатыр. Ол тұлға ерекшеліктері мен еңбек нарығындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескере отырып жастарды мамандық таңдауға дайындауға бағытталған», - деді Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов онлайн режимде өткен тамыз конференциясында.
Қалада Кәсіби бағдарлау бойынша үйлестіру кеңесі құрылды. Оны Асқар Ыдырысов басқарады, құрамына Кәсіпкерлер палатасының қалалық филиалының, «Қазақмыс» корпорациясының Жұмыспен қамту орталығының, «Жастар» жастар ресурстық орталығының, ЖОО-ның, колледждердің өкілдері кірді.
Мансап құру орталығы Мектеп оқушылары сарайында ашылды. Мектеп бітірушілер мен жоғары сынып оқушыларын кәсіби диагностикалау үшін екі тестілеу өткізілді. Әкімнің айтуынша, нәтижелер техникалық мамандықтарға жоғары қызығушылықты көрсеткен.
Қарағанды облысының SANA skills пилоттық жобасына қатысуы туралы SANA Ғылыми-практикалық психология орталығының директоры Алтынай Әбдрахманова баяндады. Төменгі сынып оқушыларына арналған арнайы бағдарламаны сынамалау екі астаналық және бес қарағандылық мектепте өтеді.
«Бұл жылы Six Seconds халықаралық компаниясымен әріптестікте пилоттық жоба қатысушыларының әлеуметтік-эмоционалды климатын зерттеу өткізілді. Сауал алуға 630 сұхбаткер қатысты. Нәтижелер балалар мен педагогтар тарапынан бағдарламаға үлкен қызығушылықты көрсетті», - дедә орталық басшысы.
Оның пікірінше, ата-аналардың рөлін арттыру керек. Бұл үшін тренингжәне семинар ұйымдастырылады.
Өңір басшысы екі жобаны да мақұлдады және жұмысты жалғастыруды тапсырды.
«Бізге оқушыларды мамандықты саналы, өз бетімен таңдауына, оларда кәсіби өзін-өзі анықтауға психологиялық дайындықты қалыптастыруымыз қажет. Бұл тек қоғамға емес, ең алдымен жас адамның өзіне керек. «Мектеп оқушыларына арналған мансап құру орталығы» жобасын іске асыру тәжірибесі облыстың барлық өңірлеріне көрсетілуі қажет», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Ол кәсіби бағдарлау бойынша облыстық үйлестіру кеңесін құруды ұсынды.