14:04, 10 Қараша 2012 | GMT +5
Қарағанды облысында өртті сөндіру барысында 55 жастағы ер адамның мәйіті табылды
АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Кеше кешқұрым Қарағанды облысының Шахтинск қаласында екі қабатты үйдің 1-ші қабатында орналасқан пәтерден өрт шықты, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нан.
Құтқарушылар жалынмен бір сағат арпалысты. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 9 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндіру кезінде 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды.