Қарағанды облысында орын алған ірі жол-көлік оқиғасы 5 адамның өмірін қиды, оның 2-уі Ресей азаматтары

АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат - Қарағанды облысына қарасты «Алматы-Екатеринбор» автожолының 607-ші шақырымында ірі жол-көлік оқиғасы орын алып, 5 адамның өмірін қиды, олардың 2-уі Ресей Федерациясының азаматтары, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

«Мерседес» және «Ауди» көліктерінің соқтығысуы облыс аумағына кіретін Ақтоғай ауданында, сәуірдің 2-сі күні сағат 21:20-да орын алды. Оқиға салдарынан екі көліктің де жүргізушілері, бірінші автомобильдің 1, екіншісінің - 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Қаза болғандардың арасында 4 жастағы сәби мен Ресей елінің екі азаматы бар.

Соңғы жаңалықтар