Қарағанды облысында осыдан бір апта бұрын жоғалып кеткен Қызылжар кентінің тұрғыны іздестіріліп жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында осыдан бір апта бұрын жоғалып кеткен 33 жастағы Қызылжар кентінің тұрғыны іздестіріліп жатыр.

Қарағанды облысында осыдан бір апта бұрын жоғалып кеткен Қызылжар кентінің тұрғыны іздестіріліп жатыр

Бұл туралы дүйсенбі, қыркүйектің 20-сы күні облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

33 жастағы ер адам қыркүйектің 13-і күні таңертең «Иж-Юпитер» мотоциклімен Нұра ауданы, Баршын ауылына қарай мал қарауға шығып кетіп, қайтып оралмаған. Оның жоғалғандығы туралы ақпарат Жаңаарқа ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі бөліміне қыркүйектің 17-сі күні келіп түседі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, іздеу-құтқару шараларын жүргізу үшін облыстық ТЖД жедел-құтқару бөлімінің, ІІБ-нің, «Қазхром» АҚ-ның, темір жол құрылымдарының қызметкерлері мен жергілікті халықты қоса алғанда 61 адам мен 15 техника жұмылдырылып отыр. «Іздестіру шаралары әзірге оң нәтижесін берген жоқ», - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.