Қарағанды облысында өткен тәулікте 5 мыңға жуық адам вакцина алды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте Қарағанды облысында бес мыңға жуық адам екпе алды. Бірінші компонентпен вакцинацияланғандардың жалпы саны 280 255 адамды, екіншісін еккендер – 161 050 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында өткен тәулікте 5 мыңға жуық адам вакцина алды

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте 4 060 адам COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін алды. Екінші доза – 823 адам.

«Облыста коронавирусқа қарсы вакцинация науқаны жалғасуда. Тоңазытқыш жабдығымен жабдықталған мамандандырылған 115 егу кабинеті ашылды. Вакцинаны өңірлерге жеткізу логистикасы пысықталды. Халыққа еgov.kz-те жеке кабинеті және Damumed арқылы вакцинацияға жазылу қолжетімді», - деп атап өтті Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Емханалардағы вакцинация орталықтарынан басқа ірі сауда орталықтарында (Қарағандыда: «Таир», «Абзал», Global City, «Умай», ОӘД, «Әлем», «ГрандСтор») егу кабинеттері ашылды.

Ауылдық елді мекендерде халықты вакцинациялау үшін жылжымалы медициналық кешендер пайдаланылады.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда көшпелі екпе бригадалары иммундау жүргізеді, олардың саны облыста 45-тен асады.