Қарағанды облысында полиция қызметін жабдықтауға 4 млрд теңге бөлінеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында биылғы жылы полиция қызметін жабдықтауға жұмсалатын қаражат көлемі ұлғайтылды. Алдағы екі жылда ішкі істер органдарының қажеттіліктеріне шамамен 4 млрд теңге бөлінеді деп жоспарлануда. 
None
None

Ол жайлы аймақ басшысы Ерлан Қошанов облыстық мәслихат сессиясы барысында депутаттар алдында жасаған есебінде мәлімдеді, деп хабарлайды өңір әкімдігініңресми сайты .

- Біздің учаскелік инспекторларымыз бен жол-патруль қызметкерлері тиімдірек жұмыс істей бастады, - деді Ерлан Қошанов. - Соның арқасында ұрлық көлемі 20 %-ға, қарақшылық пен бұзақылық 40 %-ға, қоғамдық жерлердегі тәртіп бұзушылықтар 7,1 %-ға қысқарды.

Биылғы жылы ішкі істер органдары үшін 136 автокөлік, мыңға жуық видеотіркеуші құрылғылар мен радиостанциялар, сонымен қатар қару-жарақ сатып алынды. 

- Бұл жұмыс әрі қарай да жалғаса береді. Біз алдағы екі жылда шамамен 4 млрд теңгені ішкі істер органдарының материалдық-техникалық қамсыздандыруына бағыттамақпыз, - деді облыс әкімі.  


Соңғы жаңалықтар