Қарағанды облысында пойыз астына түскен адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында пойыз астына түскен адам көз жұмды. Бұл туралы ҚТЖ - Жүк тасымалы» баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«2019 жылғы 8 қаңтарда Мойынты-Балқаш учаскесінде Астана мен Семей бағытындағы №312 пойызының машинисі жол бойындағы адамды қағып кету қауіпіне байланысты пойызды шұғыл тоқтату әрекетін жасады. Өкінішке қарай, тоқтату арақашықтығы тым қысқа болғандықтан, пойыз адамды қағып кетті. Зардап шеккен адамның аты-жөні әзірге анықталған жоқ», - делінген хабарламада.

Мамандардың атап өтуінше, теміржолдың бойы қауіптілігі жоғары екендігіне қарамастан, адамдар бұл ескертулерді көбіне елей бермейді.

«2018 жылы теміржол желілерінде жол апаты қаупін алдын алудың, жүк және жолаушылар пойыздарын шұғыл тоқтатудың 3 200 оқиғасы тіркелді. Оқиғалардың 90 пайызында локомотивтік бригаданың кәсіби іс-қимылының арқасында келеңсіз жағдайларға жол берілмеді. Атап айтқанда, салмағы 6 мың тонналық жүк құрамы 60-80 км/сағ жылдамдықпен келе жатқанда, 600-800 метрден кейін ғана тоқтай алады. Яғни, пойыз құрамында кілт тоқтау мүмкіндігі жоқ», - деп еске салды ҚТЖ мамандары.

Теміржол бойында жарақат алудың басты себебіне тоқталсақ, адамдар рельстерден өткен кезде қауіпсіздік талаптарын елемейді. Сонымен қатар, арнайы өткелдерде автокөлік жүргізушілері тарапынан ереже бұзу жағдайлары орын алуда.

Соңғы жаңалықтар