Қарағанды облысында саят құсын салатын үздік бапкерлер анықталды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Ұлы дала мұрасы» атты саят құстары және итпен аң аулау бойынша халықаралық турнирінің нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Байқаудың жүлде қоры - 2,5 млн теңге. Турнирдің қорытындысы бойынша ең Үздік бүркітші Жамбыл облысынан келген Серікболсын Жалғасұлы болды. Екінші орынды Атырау облысынан Арман Қошқаров иеленді. Үздік үштікті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Серікбек Күнтуған түйіндеді.
Үздік сұңқар салушы аңшы атағы Алматы облысынан келген Медет Шәліповке берілді. Бұл номинацияда Қырғызстаннан келген Түгелбай Әбдіқадыров күміс жүлдені иеленді. Ал үшінші орын Атырау облысының тұрғыны Ерасыл Серікбекке бұйырды.

