Қарағанды облысында сенбілік барысында 7 мыңнан астам ағаш пен бұта егіледі

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында бүгін қалалар мен ауылдарды жасыл желектендіріп, санитарлық тазалау, абаттандыру бойынша жалпыоблыстық сенбілік өтуде, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Қарағанды облысында сенбілік барысында 7 мыңнан астам ағаш пен бұта егіледі

«Жалпы облыс бойынша сенбілік барысында 7 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызу жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.

Ағаш егуге облыс әкімі Бауыржан Әбдішев қатысты. «Қарағанды Арена» мұз айдынының гүл бағында 100 сібір шыршасы егілді.

«Мұндай сенбіліктер - бұл мемлекеттік іс. Әрбір адам көктем келісімен өз үйін тәртіпке келтіреді. Қарағанды - біздің ортақ үйіміз және ол соған сәйкес лайықты абаттандырылуы тиіс», - деп атап өтті өңір басшысы.