Қарағанды облысында шахтерлардың жартысынан астамы вакцина алды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің кәсіпорындарында коронавирусқа қарсы 7 мыңнан астам қызметкер екпе алды – бұл ұжымның шамамен 56%-ы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында шахтерлардың жартысынан астамы вакцина алды

Вакцинацияланғандардың санын компания хабарлады. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ барлық үш департаменті бойынша бүгінгі күні 17 722 адам екпенің толық курсын алды – бұл 60%-ға жуық.

Вакцинация күнделікті жалғасып жатыр. Кәсіпорындарға өңірдегі емханалардан медициналық бригадалар келеді.

Көмір департаментінде бригадаларға сыйақы беру туралы шешім қабылданды, онда 30-қыркүйекке дейін вакцинацияланғандардың саны 80% жетеді. Берілетін сыйлақы мөлшері – 150 мыңнан 300 мың теңгеге дейін.