Қарағанды облысында шаруа қожалығының шопаны снаряд жарылысынан зардап шекті

АСТАНА. Сәуірдің 19-ы. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Абай ауданы Спаск кентінде шаруа қожалығының шопаны снарядтың жарылысынан зардап шекті,

Қарағанды облысында шаруа қожалығының шопаны снаряд жарылысынан зардап шекті

деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.

Оқыс оқиға сәуірдің 18-і күні сағат 16.30-да «Түсіпбеков» шаруа қожалығында орны алды. 34 жастағы шопан табылған оқ-дәрілерді бөлшектеп жатқанда ол жарылып кеткен. Соның салдарынан азамат түрлі жарақаттармен аурухана жеткізілді.

Оқиға орнында табылған РПГ-7 (32 мм калибрлі) снарядты Ішкі істер аудандық бөлімшесінің қызметкерлері алып кетті.