Қарағанды облысында шетелдік көліктен 1 млн. 300 мың теңге жымқырған күдікті ұсталды

АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Көліктің ішінен қомақты қаражат ұрлаған күдікті қолға түсті, деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.
None
None

Ұрлық 30 мамырда, Қарағанды қаласы Мұқанов көшесі бойындағы тұрақта болған. Белгісіз біреулер кілттерді таңдай  отырып, «Тойота» көлігінен 1 300 000 теңге салынған сөмкені ұрлап кеткен.

ІІД криминалды полиция басқармасының қызметкерлері 26 шілде күні жүргізген жедел-іздестіру шарасының барысында 26 жастағы қарағандылықты ұстады.

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоқ екендігі тексерілуде.

Соңғы жаңалықтар