Қарағанды облысында соғыс ардагерін ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысының атынан 90 жасқа толуымен құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттық тобы Қарағанды гарнизонында болды. Онда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне атаулы көмек көрсету жөніндегі ауқымды акция өтуде.
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне медициналық көмек көрсету жөніндегі республикалық орталық базасында майдангер Кирилл Лысякты 90 жасқа толу мерейтойымен құттықтады, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Азаткер-жауынгерді ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысының атынан ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары - тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Мұхамеджан Таласов құттықтап, ардагерге грамота мен бағалы сыйлықты табыс етті.
Қарағанды облысында өтіп жатқан акция Алматы қаласында Жоғарғы Бас қолбасшы - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне басталған ауқымды шаралардың жалғасы болып табылады.
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құттықтаулар, алғысхаттар, ескерткіш сыйлықтар тапсырылуда.