Қарағанды облысында сот алимент төлемегендерге қатысты 29 істі қарады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында алимент төлемеген азаматтарға қатысты 29 қылмыстық іс қаралды. Баласын асырауға қаржылай көмек төлемеген 7 қарағандылық сотталып, қалғандары 20 миллион теңге көлемінде борышын өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында сот алимент төлемегендерге қатысты 29 істі қарады

Декларацияланбаған т абысы бола тұра бірнеше жыл бойы алимент төлемей, 1 миллионға жуық сома берешегі жиналып қалған облыс тұрғыны сот шешімімен мәжбүрлі еңбекке тартыла отырып, бас бостандығы шектелді.

«Жалпы бүгінгі күні алимент төлемеуге қатысты 29 қылмыстық іс аяқталды, 7 тұлға сотталды, ал 22 борышкер 20 миллионнан астам соманы төлеп, жәбірленушілермен бітімгершілікке қол жеткізді», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық прокуратурасында.

Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында облыстық прокуратура органдары бұдан әрі де Сот орындаушылары палатасымен және Полиция департаментімен бірлесіп, алимент төлемейтіндерге қарсы күреске бағытталған жұмысты жалғастырады.

Сонымен қатар прокурорлар баланы күтуге қаражат төлеуден үш айдан ұзақ жалтару Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікке соқтыратынын еске салды.