Қарағанды облысында сотталған адам түрмеден қашып шығып, бірнеше сағаттан соң ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында жазасын өтеп жатқан адам түрмеден қашып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметтеріне қарағнда, 31 шілде №31 мекеменің (қауіпсіздігі орташа) әкімшілік ғимаратының аумағында жұмыс істеп жүрген сотталған қашып кеткен.
ҚР ҚАК 119 және 136-баптарына сәйкес сотталған мекеменің күзетілетін аумағында орналасқан объектіде жөндеу жұмысын жүргізген.
Бірнеше сағат ішінде қашып кеткен адамды жедел қызметкерлер ұстады.
Қарағанды облысының ПД ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 426-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Тергеу барысы және өзге де мәліметтер жария етілмейді.
Сонымен қатар Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеруді бастады.
29 жастағы ер адам ұрлық және көлік ұрлағаны үшін жалпы 4 жылға бас бостандығынан айырылған.