Қарағанды облысында су басу қаупі ескертілді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жылы ауа райының сақталуына байланысты тұрғын үйлер орналасқан және өндірістік аумақтарда су басу қаупі төнді, деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
«Жылы ауа райының сақталуына байланысты тұрғын үйлер орналасқан және өндірістік аумақтарды су басуы мүмкін», - делінген хабарламала.
Сондай-ақ облыс тұрғындарын аумақтардан қардан тазарту және шығару, сонымен қатар еріген қар суын ағызу бойынша шаралар қабылдау керек екендігін ескертті.