Қарағанды облысында су тасқынын ғарыштан бақылау жүйесі енгізілді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының құтқарушылары өңірдегі су тасқынын ғарыштану бақылауға қол жеткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды облысында су тасқынын ғарыштан бақылау жүйесі енгізілді

«Қарағанды облысы әкімінің су тасқынын кешенді тексеру үшін ғарыштық бақылау дерегін қолдану тапсырмасы бойынша, төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» акционерлік қоғамы арасында қызмет көрсету бойынша келісімшарт жасалғанын хабарлаймын», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ТЖ департаментінің басшысы Ибрагим Күлшімбаев.

Компания Жерді ғарыштан бақылау дерегін құтқарушыларға беріп, су тасқынының көрінісін нақты сипаттауға мүмкіндік береді.  

«Жасалған келісімшарт аясында, 1 наурыздан бастап компания мамандары тәулігіне екі рет қардың түсуі, өзен суының ағысы және облыс аумағындағы судың тасқыны туралы ғарыштан түсірілген суреттерді бере бастады, - деді Ибрагим Күлшімбаев. - жалпы алғанда, су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу жұмыстары басты назарға алынған.  6 наурыздан 6 сәуірге дейін  елді мекендерді су тасқыны кезеңіне дайындау айы деп жариялауды ұсынамын.

Жедел қызметтің су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайды жоюға әзірлігі 9-10 наурыз аралығында өтетін «Көктем 2017» республикалық топтық-штабтық оқу-жаттығуы барысында тексеріледі.