Қарағанды облысында су тасқынына қатысты жағдайы тұрақты - ТЖД

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық ТЖД-ның басшысы Ибрагим Күлшімбаев су тасқыны жағдайы бойынша жұмыс мәжілісін өткізді, деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.

Қарағанды облысында су тасқынына қатысты жағдайы тұрақты - ТЖД

Таяу уақытқа болжамды «Қазгидромет» РМК-ның облыстық директорының орынбасары Валерий Стратиенко жасады. «Егер он күн ішінде күрт жылынып кетпей, ауа райы  тұрақты болса, су тасқыны кезеңінен салдарсыз өтеміз», - деп атап өтті ол.

Облыстағы су қоймаларының жағдайы туралы Нұра-Сарысу бассейні инспекциясының басшысы баяндады. «Қазводхоз» РМК басшылығының ақпаратына сәйкес су тасқыны жағдайы облыстарда тұрақты өтуде, су ағызу жоспарлы режімде жүргізілуде.

Мәжіліс қорытындысы бойынша ТЖД басшысы тиісті тапсырмалар берді.