Қарағанды облысында тағы екі түйнеме фактісі анықталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы зертханалық сараптама түйнеме ауруына күдікпен ауруханаға жатқызылған үш адамның да түйнеме ауруына шалдыққанын анықтады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағанды облысында тағы екі түйнеме фактісі анықталды

«Үшарал қыстағының екі тұрғыны (А.Қаппарова, Д.Байжұманов) «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК жатыр. Үшінші науқас - Балқаш қаласының тұрғыны Балқаш орталық ауруханасында жатыр. Зертханалық сараптама үшеуінен де түйнеме ауруын анықтады», - делінген хабарламада.

16 тамыз күні науқастардың өгіз сойып, етін алыпсатарларға сатқаны белгілі болды. Қазіргі уақытта 70 келі еттің қалдығы табылды және жойылды. Байланысқа түскен жандар күн сайын медициналық бақылаудан өтуде және аурудың алдын алу шаралары жасалуда.