Қарағанды облысында тауар тиелген вагондар жолдан шығып кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында Жезқазғаннан 100 шақырым жерде Түйемойнақ темір жол стансасына жақын маңда тауар құрамының 16 вагоны релсьтен шығып кетті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды облысында тауар тиелген вагондар жолдан шығып кетті

«Вагондарда жолаушылар емес, тауар болған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Вагондардың жолдан шығып кету себебі анықталуда», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінде.

Комиссия вагондардың жолдан қалай шығып кеткенін анықтайды.  Рельстердің ақауы оқиғаға себепші болуы мүмкін деген бастапқы болжал жасалды. Оқиға пойыздар кестесіне әсер еткен жоқ.