Қарағанды облысында тәулік бойы жұмыс істейтін 109 бірыңғай қызметінің жұмысы жанданды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылықтар областа енгізілген ТЖ режиміне қатысты сауалдарына Senim 109 тәулік бойғы жедел желісі арқылы жауап ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында  тәулік бойы жұмыс істейтін 109 бірыңғай қызметінің жұмысы жанданды

Қарағанды облысының тұрғындары Senim 109 қызметіне жүгініп, өңірдегі жағдайға байланысты сұрақтарын қоя алады.

Операторлар төмендегі байланыс арналары бойынша тәулік бойы шағымдар мен хабарламаларды қабылдап жатыр:

- қалалық және мобильді телефондардан «109» қысқа тегін нөміріне;

- senim109.kz сайты;

- «Azamat – Қарағанды» (PlayMarket/ AppStore) мобильді қосымшасы арқылы;

- Instagram: senim109.kz;

- Facebook: Senim109;

- телеграм-бот: t.me/senim109kz_bot;

- ВКонтакте: Senim109;

- электронды пошта: salem@senim109.kz;

- WhatsApp +7-701-7-109-109.

Тек ресми ақпараттарға ғана сеніңіздер.