Қарағанды облысында тепловоздың астына түсіп қалып, бір ер азамат мерт болды

ҚАРАҒАНДЫ. Желтоқсанның  26-сы.  ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ -   Қарағандыда    путейская көшесіндегі теміржол өткелінде  қайғылы оқиға    орын  алды,

Қарағанды  облысында  тепловоздың астына түсіп қалып,  бір     ер азамат    мерт болды

деп хабарлады    облыстық  ішкі істер  департаментінің  баспасөз қызметінен.

«АрселорМиттал Теміртау»  АҚ  көмір департаментінің   Қарағанды   жүк  тиеу-тасымалдау басқармасына қарасты  тепловоздың    машинисті   40-45  жастағы ер  азаматты   қағып  кетіп,  әлгі азамат   алған   жарақаттардан оқиға  орнында    көз жұмды»,  деп     хабарлады     ішкі істер  департаментінен.