Қарағанды облысында туберкулезден болған өлім-жітім саны 30,1%-ға азайған

АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 сәуірі күні облыс әкімі Бауыржан Әбдішев аппарат отырысын өткізді. Онда туберкулез ауруымен күрес мәселелері қаралды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Аймақ басшысы бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену Стратегиясының денсаулық сақтау саласын дамытудың төрт негізгі бағыты болды, соның бірі - әлеуметтік маңызы бар ауруларын төмендету, оның ішінде осы туберкулез екендігін атап айтты. Сонымен қатар, денсаулық сақтауды дамытудағы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады. «Облыста туберкулездің алдын алу жұмыстары жүрзіліп жатыр. Жиналысқа денсаулық сақтау және білім беру басқармаларының жетекшілері Ержан Нұрлыбаев және Асхат Аймағамбетов сөз сөйледі. Жиналыста туберкулездің алдын алу үшін ағымдағы жылы 2 млрд. 191 млн.теңге бөлінгендігін айта кетті. Облыста туберкулезге қарсы 4 диспансер жұмыс істейді, жалпы қуаттылығы 903, онда 198 фтизиатор және 533 орта медициналық қызметкер жұмыс жасайды. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде туберкулез ауруына шалдыққандар саны 9,5%-ға, алғашқы рет ауырғандар саны 3,5%, балалар арасында 31,8%, өлім-жітім саны 30,1%-ға түсті. Облыста туберкулезді анықтау үшін Осакаровка, Бұқар жырау, Абай және Шет аудандарына 4 қозғалмалы флюорограф керек, сонымен қатар, Қарағанды қаласына 2 станционарлы флюорография қажет. Сонымен қатар, туберкулездің алдын алу қызметін мемлекеттік қазыналық коммуналды мекемесіне ауыстыру мәселелері қарастырып жатыр. Бұл дегеніміз - кеңесшілік-диогностикалық қызмет көрсететін емдеу ұйымдарымен келісім-шартқа отыруға мүмкіндік береді», - деп жазылған хабарламада. Жиналыс соңында облыс әкімі Саран туберкулезге қарсы балаларға арналған санатория ұйымына рентген-диагностикалық аппараттарды алуға тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум