Қарағанды облысында ТЖ кезінде халыққа көмектесетін 130 волонтер оқытылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Қызыл жарты ай қоғамы» қоғамдық бірлестігі Қарағанды облыстық филиалы өңірдің Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп 130 еріктіні оқытып шығарды. Нәтижесінде төтенше жағдайлар кезінде халыққа көмек көрсететін 25 мобильді волонтерлік команда құрылды.

Қарағанды облысында ТЖ кезінде халыққа көмектесетін 130 волонтер оқытылды

Мобильді топтарды қамту географиясы кең – Осакаров, Бұқар Жырау және Шет аудандары, сондай-ақ Қарағанды қаласын құрайды.

«Біз аудандарды кездейсоқ таңдаған жоқпыз. Олардың барлығы төтенше жағдайларға бейім. Бұл елді мекендерде су тасқыны мен су басып кету жиі кездеседі. Алдымен еріктілер дайындықтан өтті. Осыдан кейін олар кент тұрғындары үшін онлайн-оқыту өткізді. Бұл әрбір елді мекен үшін тәуекел картасын әзірлеуді және зерделеуді білдіреді», – деді «Қызыл жарты ай қоғамы» ҚБ Қарағанды облыстық филиалының басшысы Татьяна Абрамова.

Алты ай ішінде мобильді командалар бірқатар рейд және акция өткізді. Олар ТЖ жағдайына арналған іс-қимылдардың егжей-тегжейлі нұсқаулығымен отбасылар үшін 116 жоспар құрды. Жобамен 50 мың адам қамтылды.