14:37, 06 Ақпан 2019 | GMT +5
Қарағанды облысында ТЖД күшейтілген қызмет түріне көшті
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімшелері қатты аязға байланысты күшейтілген режімге көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республикалық маңызы автожолдардың бойында орналасқан 7 трассалық медициналық-санитарлық бекет қызмет көрсетуге сақадай-сай.
Бұған қоса, 28 жылыту бекеті әзірленген. Сонымен қатар аталмыш мақсатқа пайдалануға 52 өндірістік ғимарат дайын тұр.
Облыс жолдарында қар басып қалу қаупі бар 614 жол уческесін бақылау күшейтілді. Олардың жалпы ұзындығы - 881 шақырым.
«Алматы-Екатеринбург» автожолының анағұрлым күрделі бөлігі «Анар-Теміртау» учаскесіне 60-тан астам қар тазалау техникасы жұмылдырылады. Жалпы жолдарды тазартуға 248 арнайы техника әзірленген.