10:21, 09 Мамыр 2010 | GMT +5
Қарағанды облысында үлкен жол апатында екі адам опат болды
АСТАНА. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында үлкен жол апатында екі адам қаза болды,
деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жол-көлік оқиғасы сенбі, мамырдың 8-і күні Балқаш қаласында, Алматы-Екатеринбор тас жолының 644-ші шақырымында орын алды. «БМВ» және «Митцубиси» көліктерінің соқтығысуы салдарынан бірінші көліктің жүргізуші мен жолаушысы опат болды. Ал екінші көліктің төрт жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.