Қарағанды облысында үш басқарма қайта құрылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Әлия Сыздықованың айтуынша, экономика және қаржы басқармасы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына және қаржы басқармасына бөлінді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Жаңадан құрылған қаржы басқармасына мемлекеттік активтер мен сатып алу басқармасы коммуналдық меншікті басқарудың кейбір функциялары берілді.Қаржы басқармасының басшысы қызметіне Чернявская Ольга Митрофановна тағайындалды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына конкурстық іріктеу арқылы Тәуірбеков Ораз Қайсайұлы басшы болып келді», - деп хабарлады әкімдіктің ресми өкілі Әлия Сыздықова.

Мемлекеттік активтер мен сатып алу басқармасының атауы Мемлекеттік сатып алу басқармасы болып өзгертілді. Оның басшысы лауазымына Кадеков Мұрат Шолтақұлы тағайындалды. 

«Бұдан бөлек сәулет және қала құрылысы басқармасына құрылыс басқармасы қосылып, қайта құрылды - енді оның атауы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы болды. Оны Исабаев Бауыржан Кемербайұлы басқарады». 

Соңғы жаңалықтар