Қарағанды облысында үйінді астында қаза тапқандар жерленеді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында сейсенбі, 3 желтоқсанда Шаханда құлаған үй үйіндісінің астында қалғандардың бірін соңғы сапарға шығарып салады, басқалары 4-7 желтоқсанда жерленеді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды облысында үйінді астында қаза тапқандар  жерленеді

«Валерий Михайловты жерлеу бүгін Сарепт кентінде өтеді. 60 жастағы ер адам «КАРЭМ» ЖШС-да жұмыс істеген. Артында жұбайы мен ұлы қалды», - деді облыс әкімінің баспасөз қызметінде.

Галышевтар отбасының екі мүшесі 4 қаңтарда Шахан кентіндегі зиратқа жерленеді. 5 қаңтарда Шаханда үш адам ажал құшқан Андроповтар отбасымен қоштасады. Зейнеткер Татьяна Кан 6 қаңтарда Восмьмидомики кентіндегі зиратқа жерленеді. Рождество мерекесі күні, 7 қаңтарда Шахан зиратына Елена Алексеенко ұлымен бірге жерленеді.

Екі қаза тапқан ер адам «Тентек» және «Шахтинская» шахталарында жұмыс істеген. Екі мерт болған әйел декреттік демалыста бала күтімімен айналысқан.

Бұдан бұрын хабарланғандай, облысының билік өкілдері Шахан кентінде құлаған көпқабатты үйдің зардап шеккен және құрбан болған тұрғындарының отбасыларына материалдық көмек көрсетеді, «Мерт болған отбасының әрбір мүшесіне 1 миллион теңге материалдық көмек көрсетіледі. Ауруханада жатқан, зардап шеккендер үшін 500 мың теңгеден төленеді»,-деді облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әлия Сыздықова.

Әкімдік қайтыс болғандарды жерлеу мен ас беру шығындарын өз мойындарына алады. Бұған қоса тиісті заңнамаға сәйкес, арнайы комиссия жұмысының шешімімен келтірілген шығын бюджеттен төленеді.

Айта кетейік, 1 қаңтар күні 22 сағат 40 минут шамасында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Шахан кентінде көпқабатты үйдің құлағаны жөнінде арнайы хабар келіп түскен. Оқиға орнынан төтенше жағдайлар қызметінің күш-құрылымдары мен арнайы техникалары жөнелтіліп, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Шахан кентінің әкімдігі жанынан 8 (72156) 3-24-17 нөмірі бойынша, жедел желі қызметі ұйымдастырылды.

Қираған үйдің үйінділерінен 9 адамның мәйіті табылды. Олардың 3-уі ер адам, 3-уі әйел адам, тағы үшеуі балалар. Ресми тізімді Қарағанды облысының төтенше жағдайлар қызметі ұсынды. Құрбан болғандардың арасында 2016 жылы туған екі нәресте бар. 32 жасар ер азамат үйінділердің астынан аман шықты.

Үйдің құлауына 4-ші подъездің жертөлесінде орналасқан қазандықтың жарылуы себеп болған. Құлаған үй 1987 жылы салынған. Апат болған подъезде 10 пәтер болған. Әкімдіктің мәліметтері бойынша, үйде 118 адам тұрып жатқан. Құлаған подъезде 25 тұрғын, қонақтарды қоса алғанда шамамен 30 адам болған.

Шахандықтар орталықтандырылған жылу жүйесі болмағандықтан жылу мәселесін өздері шешкен. Билік өкілдерінің мәліметтерінше, жаңа қазандық салу жоспары 2013 жылға қойылған. Жоба-сметалық құжаттар дайындалғанымен қаржы мәселесі қолбайлау болып келген.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының Шахан кентінде болған төтенше жағдайға байланысты көңіл айтты. Елбасы Қарағанды облысының әкіміне, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдарға зардап шеккен тұрғындардың бәріне жан-жақты көмек көрсету үшін тиісті шаралар қабылдап, төтенше оқиғаның себебін анықтау жөнінде тапсырма берді.