Қарағанды облысында үздік отбасы таңдалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында үздік отбасы таңдалды. Осымен бесінші жыл қатарынан өткізілген байқауға облыстың түрлі аудандарынан келген отбасылар қатысты, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

Қарағанды облысында үздік отбасы таңдалды

Жеңімпаз Астанада өтетін байқаудың республикалық кезеңіне қатысу мүмкіндігін алады.

«Мерейлі отбасы - 2018» байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы жасалды. Бұған өтінімдер осы жылдың сәуірінен бастап қабылданған болатын. Іріктеу кезеңнен Қарқаралы, Абай, Жаңаарқа және басқа да аудандардың отбасылары өтті.

Қатысушылар арасында көпбалалы отбасылар, еңбек әулеттері, жұмыс кәсіптерінің өкілдері мен ауылшаруашылық кооперативтердің қызметкерлері болды. 

- Биылғы жылы байқауға түрлі ұлтты, жас және бірнеше ұрпақтардан құралған 200-ден астам отбасы қатысты. Отбасы - өмірдегі ең маңызды зат, жанұяда үлкенге деген құрмет, отанға деген махаббат, балаларға деген қамқорлық, ерлі-зайыптылар арасындағы жауапкершілік, балаларды өнегелі етіп тәрбиелеу секілді құндылықтарды қамтиды. Сондықтан мемлекет отбасыларды сақтап қалуға тырысып, отбасылық құндылықтарды дәріптейді. Елбасы тағайындаған «Мерейлі отбасы» республикалық байқауы мұны дәлелдейді, - деді өз сөзінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жандос Әбішев. 

Үшінші орынды Нұра ауданынан келген Нұрғалиевтер отбасы иеленді. Отағасы Балғабек Нұрғалиев - еңбек ардагері, оның жұбайы - 35 жылдық еңбек өтілі бар математика пәнінің ұстазы, жеті баланың анасы, «Алтын алқа» иегері. Отбасында 14 немере, 10 шөбере бар. 
- Біздің жанұямыз үлкен және өте тату. Біз жиі бас қосып отырамыз, барлығымен бөлісіп отырамыз. Біздің ең басты отбасылық дәстүріміз - ол Наурыз мейрамын тойлау. Кең дастархан жайып, басты тағамымыз - етті әзірлейміз, оны дайындауға бүкіл отбасымызбен жұмыламыз. Балаларымызға ата-аналарымыз үйреткеннің барлығын жеткізуге тырысамыз. Оларды өзіміз қандай тәрбие көрсек, солай өсіруге тырысып жатырмыз», - деп бөлісті отбасы мүшесі, Приозерскідегі өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Асылбек Нұрғалиев. 
Байқауда екінші орынды Сәтбаев қаласынан келген Әуезовтер отбасы жеңіп алды. Сәбит Әуезов - 72 жасар отағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасымен марапатталған. Оның жұбайы - «Алтын алқа» белгісінің иегері. Отбасында 10 бала, 31 немере және 14 шөбере бар. Барлық балалар мен немерелері музыкамен, спортпен айналысады, көбісі түрлі медальдардың иегерлері және республикалық байқаулардың жеңімпаздары. 

«Мерейлі отбасы - 2018» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы Қарқаралы ауданына келген Ілімбаевтар отбасы болды. Батыр ана Рымтай Әбілдинованың 19 баласы, 47 немересі, 13 шөбересі бар. Ол «Батыр ана» иегері және «Алтын алқа» тағынған ана. 

- Біздің отбасымызда 11 қыз бен 8 ұл бар. Шынымызды айтсақ, біз бұл байқауда жеңеміз деп ойламаған едік. Бірақ өте қуаныштымыз. Бұл байқауға қатысу туралы ойды кіші сіңілім тастады. Біздің отбасымыз тату және үлкен. Бір оқиғаны тойлаған кезде өзіміз ғана мейрамхананы толтырып жібереміз. Отбасымызбен жиі жиналамыз, мерекелерді жақсы көреміз. Әсіресе тойлар мен шілдеханаларды ұнатамыз. Және де Наурызды тойлауды ұнатамыз. Тойларда үлкен әпкелер келіндерге кеңес береді. Анамыз қыздары мен келіндеріне қымыз дайындайды, ет асады, - дейді бастауыш сынып мұғалімі Әсем Ілімбаева. 

Сыйлық ретінде жеңімпаздарға бүкіл отбасы үшін шипажайға жолдама берілді. Екінші және үшінші орын иегерлеріне естелік грамоталар мен теледидарлар табыс етілді.

Байқаудың республикалық кезеңі Астана қаласында өтеді. 

nullnull