Қарағанды облысында жан түршігерлік жол апатынан екі жігіт қаза тапты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы аумағында, «Қарағанды - Шахтинск» автожолында жан түршігерлік жол апаты болды. КамАЗ бен жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«11 шілде күні 22:00-де Қарағандыны бетке алған «Фольксваген гольф» автомобилінің 21 жастағы жүргізушісі 53 жастағы ер адам жүргізіп келе жатқан «КамАЗ - 5320» жүк көлігімен соқтығысқан», - деп мәлім етті Қарағанды облыстық ІІД өкілдері.

Апат салдарынан «Фольксваген гольф» жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан, ал 17 жастағы жолаушы Шахтинск орталық ауруханасында жантәсілім етті. Жеңіл көліктегі тағы екі жолаушы ауруханада жатыр.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігіне сәйкес іс қозғалып, тиісті сараптамалар белгіленді.

Соңғы жаңалықтар