Қарағанды облысында жарты жыл ішінде 6 бала терезеден құлаған
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Қарағанды облысында 6 бала терезеден құлаған, оның ішінде төртеуі ауруханаға жеткізілді, екі сәби көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Соңғы 6 айда ТЖД қызметкерлерінің мәлімдеуінше, Қарағанды облысында алты бала терезеден құлап кетті.
8 сәуір күні 12-шағынауданда ата-анасының қарауынсыз қалған бала 5-ші қабаттағы балконнан құлап, ауруханаға жеткізілді.
2019 жылы 12 мамырда Қарағанды қаласында Күзембаев көшесінде 2015 жылы туған бала 3-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен абайсызда құлап кетіп, алған жарақаттан қайтыс болды.
14 мамыр күні сағат 21.00-де ересектердің қарауынсыз қалған 5 жасар бала 3-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен абайсызда құлап, жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.
30 мамыр күні 16-шағынауданда 2006 жылы туған бала абайсызда 2-қабаттың терезесінен құлап, ауруханаға жеткізілді.
1 маусым күні Сәтбаев қаласында үлкендердің қарауынсыз қалған 4 жасар бала 5 қабатты пәтердің терезесінен құлап, көз жұмды.
2 маусым күні Шет ауданының Ағадыр кентінде ересектердің қарауынсыз қалған 2016 жылы туған сәби абайсызда 3-қабаттың терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылды.
Ересектер мен ата-аналарының қарауынсыз қалу - балалардың жарақаттануы мен қаза болуының негізгі себебі, дейді Төтенше жағдай қызметкерлері.
Балалардың қаза болу фактілерін ескере отырып және терезеден құлау секілді жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті келесідей нұсқаулықтарға құлау түруді өтінеді:
1.Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыздар, себебі ата-аналар балаларын қараусыз қалдырғанда, қайғылы жағдайлар орын алады.
2.Бала терезеге көтере алмауы үшін барлық жиһазды терезеден алыстатып жылжытыңыздар.
3.Ешуақытта москит торға сенім артпаңыздар! Олар балаларды құлап кетуден сақтауға арналмаған! Керісінше-москит торы қайғылы оқиғаға ықпал етеді, себебі бала өзін қауіпсіз сезінеді де, сол торға сүйенеді. Балалар торлармен бірге құлауы өте жиі кездеседі.
4.Балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштер орнату керек.
5.Егер сіз балаға терезеден бірдеңе көрсетсеңіз, оны әрдайым мықты ұстап тұрыңыз, баланың шапшаң қимылдарына дайын болыңыз, алақаныңыз құрғақ болғаны дұрыс, баланы киімінен ұстамаңыз.
6. Егер сізде дәл қазір сақтандыру құрылғысын орнатуға мүмкіндік болмаса, сіз қажет болған жағдайда және қолданғаннан кейін бірден терезенің тұтқасын оңай айналдырып, алып тастай аласыз.