Қарағанды облысында жасөспірім суға батып бара жатқан баланы құтқарды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Теміртау қаласындағы №9 мектеп-лицейдің 8 «б» сыныбы оқушысы Арман Максимов каналдағы суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы ТЖД-ға сілтеме жасап.
1 тамызда сағат 16.50-де құтқарушылардың пультіне «АрселорМиттал Теміртау» АҚ техникалық арнасында бала суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу құтқарушылар мен ТЖБ жедел тобы шықты. Бірақ құтқарушылар оқиға орнына келгенге дейін суға батып бара жатқан баланы өтіп бара жатқан сегізінші сынып оқушысы құтқарды.
Арман Максимов №9 мектеп-лицейдің 8 «б» сыныбында оқиды. 1 тамызда ол достарымен бірге пикникке бару үшін құмды өрімге бет алған.
«Біз көлге сирек барамыз, жақсы жүзбейміз. Жағажайдан гөрі өрімге барамыз. Себебі жағажайда адамдар көп, өрімде аз, сондықтан біз сол жерге пикник жасауға бардық. Арна бойымен жүрдік, мен біртүрлі дыбыстарды естідім, маған екі бейтаныс бала жүгіріп келіп: «Тоқта, тоқта! Сіз жүзе аласыз ба? Ана жерде бала суға батып жатыр деді», - деп еске алады Арман.
Суға батып бара жатқан баланы көрген Арман ойланбастан бірден канал арқылы өтетін құбырдан суға секірген.
«Мен суға жедел секірдім. Оны аяғымен жағаға итеріп, өзім судан әрең шықтым. Арқамен жатып, аяқ-қолымды бұлғадым», - деп еске алады Арман. – Сол сәтте қорқыныш туралы мүлде ойламадым.
Суға батып бара жатқан баланы арманның достары жағаға шығарып алды. Жөтеліп, өзіне келіп, құтқарылған бала заттарын ұстап алып, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Оның жеке басын анықтау мүмкін болмады.
Арман өзінің жүзуді екі жыл бұрын ғана өз бетімен үйренгенін айтты.
«Әрине, мен ұлымды мақтан тұтамын. Бірақ мен ұлым үшін қатты қорықтым. Оқиға туралы естігенде көзіме еріксіз жас келді. Ұлым онымен бірге суға батып кетер ма еді?» – дейді жас құтқарушының анасы Амангүл.
Құтқарушыларды оқиға орнына куәгерлердің бірі шақырды. Бірақ құтқарушылар келген кезде, бұл жерде ешкім болмаған. Бәрі тарап кеткен болатын.
АМТ – техникалық арнасы шомылуға тыйым салынған орындардың бірі. Сүңгу кезінде сіз ағынның және тайғақ көлбеу қабырғалардың қауіптілігін айтпағанда, арматураға немесе басқа қауіпті заттарға тап болуыңыз мүмкін.
Қарағанды облысының ТЖД жас жігітке батылдығы, сауатты іс-әрекеті және суға батқан адамды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі үшін алғыс білдіреді.
Батылдығы, сауатты іс-әрекеті және суға батқан адамды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі үшін Арман Максимовты марапаттау үшін ведомстволық награда ТЖ министрлігіне жолданды.