12:41, 19 Қараша 2011 | GMT +5
Қарағанды облысында «Жастар» көмір резервінде тоқ соғып, бір жұмысшы қаза тапты
АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Осакаровка ауданында «Қазақмыс» АҚ-ның «Молодежный» көмір резервінде («Борлы кен байыту» орны) төтенше жағдай орын алды.
ЭКГ-15 экскаватор машина залындағы ақауды жөндеу кезінде тоқ соғып, оқиға орнында 1987 жылы туылған жұмысшы қаза тапты.