Қарағанды облысында жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында жеңіл автокөлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18 шілде күні таңғы сағат 08:00-дер шамасында Саран тас жолында 29 жасар «Ваз 2110» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Бастапқы мәлімет бойынша зардап шеккен әйел адам жаяу жүргіншінің жолынан өтіп бара жатқан. Зардап шегуші сол жерде көз жұмды.
Аталған оқиға ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.