Қарағанды облысында жеңіл машина мен «КамАЗ» көлігінің соқтығысуы салдарынан 5 адам қаза тапты
АСТАНА. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Шет ауданында, Алматы-Екатеринбор тас жолының 838-ші шақырымында, бейсенбі күні қайғылы қаза орын алды.
«Ауди» көлігінің жүргізушісі 38 жастағы Б.Ертісбаева «КамАЗ» көлігімен соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Ауди» көлігінің жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы: 1994 жылы туған Д.Ахмет, 1986 жылы туған А.Адамова, 1974 жылы туған Р.Шалбаева, 1971 жылы туған Х.Біләлов қаза тапты.