Қарағанды облысында жол апатынан 4 адам мерт болды

5-ші ақпан Трудовое ауылынан 5 шақырым жерде «Қарағанды-Молодежный» тасжолында 40 жасар «Huynday Tucson» автокөлігінің жүргізушісі көліктің басқара алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Lada» автокөлігімен соқтығысқан.
Жол көлік оқиғасының салдарынан «Lada» автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі мен оның үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орынында қаза болды. «Huynday Tucson» автокөлігінің жүргізушісіне медициналық көмек көрсетілді.
Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
«Қарағанды облысының Осакаров ауданында болған жол-көлік оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345 бабы, 4 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.