Қарағанды облысында Жол картасына қосылған жобалар бойынша конкурстық рәсімдер өткізілуде

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында аймақтық Жол картасына қосылған, жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілуде.
Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне облыс әкімдігінен хабарлады.Жұмысты бастау мамырдың соңы ? маусымның басына жоспарланып отыр. Жол картасының басты мақсаты ? халықты еңбекпен қамту. Оны қаржыландыру Қарағанды облысында 13 млрд. теңгені құрайды: оның ішінде 11 млрд. теңге республикалық бюджеттен бөлінсе, қаржының қалған бөлігі жергілікті бюджеттен алынды. Жол картасы ауқымында 596 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 30 мыңға тарта жұмыс орыны ашылмақ.9 млрд. теңгеден астам қаржы 367 білім беру, денсаулық сақтау және басқа да әлеуметтік нысандарды жөндеуге жұмсалады. 1 млрд. теңге жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізуге бағытталып отыр. Сумен қамтамасыз ету және кәріз, жылу және электрмен қамтамасыз ету жүйелері де ретке келтірілмек: Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының 17 нысаны жөндеуден және қайта жөндеуден өткізілмек, осыған арнап 1,4 млрд. теңге бөлінді. Кенттер мен ауылдарды абаттандыру мақсаты үшін 515 млн. теңге бөлінді, оны орындау барысында екі жүзге тарта түрлі жобалар іске асырылады деп күтілуде.
Соңғы жаңалықтар