Қарағанды облысында жол көлік оқиғасынан 6 адам қаза тапты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жол көлік оқиғасынан 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ-не сілтеме жасап.
None
Photo: t.me/POLICE_of_KZ

«20 маусым күні сағат 18.15 шамасында республикалық маңызы бар Алматы-Екатеринбург тас жолында, Қарағанды қаласына 20 шықырым жетпей, «Тайота камри» және «Ниссан» автокөліктерінің қатысуымен жол көлік оқиғасы болды.

Жол көлік оқиғасының салдарынан 6 адам, оның ішінде екі көліктің жүргізушілері алған дене жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Екі кәмелеттік жасқа толмаған бала әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - деп жазды ведомстводан.

Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерден жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар