Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам опат болды
АСТАНА. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам опат болды.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хбарлады.
Желтоқсанның 20-сында, түнде «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 982-ші шақырымында, Қарағанды облысының Абай ауданындағы Жұмабек кентінің тұсында «Мицубиси» және «КамАЗ» көліктері соқтығысып қалды. Оқиға салдарынан «Мицубиси» жеңіл көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды.
КамАЗ жүргізушісі - Қырғыз Республикасының азаматы мен «Мицубиси» көлігінің басқа жолаушылары ауруханаға түсті.