Қарағанды облысында жолаушылар автобусы жыраға түсіп кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жол-патруль полициясы облыстық батальоны Омбы қаласына бара жатып, апатқа ұшыраған жолаушыларды құтқарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы жыраға түсіп кетті

29 желтоқсан күні түнде полицияға Қазақстан ауылының маңында Қарағанды-Омбы рейсімен бара жатқан жолаушы автобусы жыраға түсіп кеткені туралы хабар келді.

«Біз барғанда автобус жырада тұр екен. ДЭУ-45 арнайы техникасын тоқтаттық, тоңып қалған жолаушыларды өзіміздің машинаға мінгізіп жылытып, автобусты жолға шығаруға көмектестік», - дейді полиция қызметкері, сержант Ерік Жансерікұлы.

Жолаушылар жолай кезіккен көліктермен Майөзек ауылына жеткізілді. Автобусты да сол жерге сүйреп жеткізді. Жөнделген соң, жолаушылар сол автобуспен сапарын жалғастырып кетті.