Қарағанды облысында жолда қалған 70-ке жуық адам құтқарылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты барлық автокөлік түрлері үшін автожолдар жабылды. Өңір құтқарушылары қар құрсауынан автокөліктер мен олардың жолаушыларын құтқаруға көмектесуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Автокөліктер кептелісте тұрған автожолдарды жабу орындарында ТЖ департаментінің, ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің және полицияның күшімен адамдарды эвакуациялау және оларды елді мекендер мен жылыту пункттеріне жеткізу жүргізілуде.
Қазіргі уақытта апаттық-құтқару жұмыстары барысында 70-ке жуық адам құтқарылып, эвакуацияланды.
Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері келесідей ережелерд ұстануға шақырады:
- елді мекендерден тыс жерлерге шықпау;
- жабылу орындарында автожолдарда көлік құралдарының жиналуын жасамау;
- мүмкіндігінше елді мекендерде, кемпингтерде, жол бойындағы кафелерде орналасу;
- әсіресе түнде және ауа-райы нашарлаған кезде алыс қашықтыққа жаяу жүруден аулақ болу;
- ауа-райының өзгеруіне сәйкес киіну.
Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы 112 немесе 8(7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондары арқылы хабарласуға болады.