Қарағанды облысында жүк пойызы қағып кеткен әйел көз жұмды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Топар кентінің маңында жүк пойызы әйел адамды қағып кетті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қайғылы оқиға Қарағанды облысына қарасты «Қарабас-Топар» өткелінде болған.

«10 сәуірде аталған факті Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы желілік полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі, яғни, «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу« бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта іс бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысының көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ведомство аталмыш іс бойынша басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайтынын мәлімдеді.

Айта кету керек, өткен аптада дәл осындай қайғылы оқиға Балқаш қаласында болған еді.



Соңғы жаңалықтар